Қызылорда қаласындағы емханада Оба ауруына күдікті науқас анықталғанда атқарылатын іс-шаралар бойынша оқу-жаттықтыру сабағы өткізілді
ҚР ДСМ-нің 17.11.2021 жылғы № 116 «Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрығын және облыс әкімдігімен бекіткен «Қызылорда облысында аса қауіпті және карантинді оба ауруының алдын алу, індетке қарсы шараларының 2024-2026 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспарын» орындауда ЖШС «АLEXEY SULTAN AKHMET» емханасында оба ауруына күдікті науқас анықталған жағдайда атқарылатын алғашқы індетке қарсы және алдын алу іс-шаралары бойынша тәжірбиелік оқу-жаттықтыру сабағы өткізілді.
Оқу мақсаты: Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, ЖШС «АLEXEY SULTAN AKHMET» емханасы, «ҰСО»-ның Қызылорда облыстық филиалы, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы, облыстық медициналық жедел жәрдем станциясы, Қызылорда обаға қарсы күрес станциясы мамандарының «Оба ауруының шартты ошағында» санитариялық-індетке қарсы, санитариялық-профилактикалық кешенді іс-шаралар бойынша ұйымдастыру-әдістемелік, тәжірибелік білім деңгейін жоғарылату және функционалдық міндеттерін айқындау.
Оба ауруына күдікті науқас тіркелген кездегі өткізілген жаттығу сабағы кезіндегі кеткен кемшіліктер және жаттығу сабағының өткізілуі (жедел хабар беру тізбегі, шұғыл жоспар, обаға қарсы қорғаныс киімдерімен, зертханалық жинақтармен қамтамасыз етілуі, емдеу-сауықтыру мекемелерінің дәрі-дәрмекпен, залалсыздандыру заттарымен, т.б. қамтамасыз етілуі, мамандардың білімі мен біліктілігіне, іс-шаралардың өткізілуіне баға беру) туралы қорытынды мәлімдеме дайындалып, оқу жаттықтыруға қатысқан ведомство басшылары мен мамандары арасында талқыланды.