Зерттеушілердің Оңтүстік Кореядағы шетелдік тағылымдамасы туралы
2024 жылдың 29 қазаны мен 14 қарашасы аралығында Корея Республикасы, Сеул қаласында Халықаралық вакцина институты (IVI) Сеул ұлттық университетінің Сихеун кампусында «Стандартты тәжірибелерге кіріспе курсын (GxP)» өткізді. Бұл оқиға вакциналарға қол жеткізудегі жаһандық теңдікті жақсарту жолындағы маңызды кезең болды.
Курс вакцина өндірісінде халықаралық стандарттарға мамандарды оқыту арқылы төмен және орташа кірісі бар елдердегі биоөндірістің сапасын арттыруға бағытталған.
Биылғы жылы курсқа 42 елден, соның ішінде Қазақстан Республикасынан 183 қатысушы қатысты. «М.Айқымбаев атындағы Ұлттық аса қауіпті инфекциялар ғылыми орталығы» ЖШС-нен курсқа мыналар қатысты:
• Әміржанов Әділет Санатұлы, вакцина бөлімінің меңгерушісі;
• Шин Анна Леонидовна, PhD, табиғи ошақты және вирустық инфекциялар зертханасының ғылыми қызметкері;
• Туханова Нур Байбактыевна, PhD, табиғи ошақты және вирустық инфекциялар зертханасының ғылыми қызметкері.
Үш апталық бағдарлама IVI, Нагасаки университеті (Жапония) және Бутантан институты (Бразилия) сияқты 9 жетекші институттың 27 халықаралық сарапшыларының қатысуымен қарқынды оқытуды қамтыды.
Бағдарламаның мақсаты қатысушыларға жақсы клиникалық тәжірибе (GCP), жақсы өндірістік тәжірибе (GMP), жақсы зертханалық тәжірибе (GLP) және жақсы клиникалық зертханалық тәжірибе (GCLP) сияқты халықаралық стандарттар туралы білім беру болды.