24.06.2022

Жаттығу жұмыстары жүргізілді

ҚР ДСМ «М. Айқымбаев атындағы АҚИҰҒО» ШЖҚ РМК филиалы–Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясының Шұбарқұдық обаға қарсы күрес бөлімшесі 21 маусым 2022 жылы Темір аудандық  санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, аудандық аурухана, «ҰСО» ШЖҚ РМК аудандық бөлімшесі мамандарымен бірлескен түрде аса қауіпті инфекцияға күдікті адам тіркелгенде шұғыл әрекет ету жаттығуын өткізді. Жаттығудың жоспары бойынша Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылының тұрғыны Шұбарқұдық елді мекеніне жұмыстарымен келген уақытында Темір аудандық емханасына сол жақ лимфаденитке, мойын мен аяқтың қатты ауруына, бас ауруына, дене қызуының 39С дейін жоғарылауына шағымдарымен жүгінген. Эпидемиологиялық анамнезді толтыру кезінде медициналық қызметкер науқастың 4 күн бұрын Үстірт алды обаның табиғи ошағына кіретін Қарауылкелі ауылынан келгені анықтаған. Науқас Шұбарқұдық ауылына жолға шықпас бұрын сол аяғында шаққан із байқаған айтқан. Клиникалық белгілері мен эпидемиологиялық анамнезін ескере отырып, дәрігер бубонды обаның алдын ала диагнозын қойған. Дәрігер кабинеттен шықпай-ақ телефон арқылы Темір аудандық аурухана басшысы мен емхана бас дәрігеріне хабарлаған. Бас дәрігер өз кезегінде хабарлама кестесі бойынша тиісті мекемелерге хабарлайды. Осыдан соң тиісті мамандар қажетті жұмыстарды жүргізіп, АҚИ обаның әрі өршуіне тосқауыл шаралары жүргізілді. Жаттығу жұмысын аталған мекемелер басшылығынан құралған комиссия бағалап, шараның ұйымдастырылуына жоғары баға берген.