Қазақстандағы күйдіргі. Халыққа арналған жадынама.
Күйдіргі ауруы- зооноозды аса қауіпті инфекция, оның қоздырғышы қоршаған ортаға түскенде спораға айналу қасиеті бар. Споралар сыртқы ортада өте төзімді, мысалы топырақта ондаған жылдар бойы сақталады, сол себепті күйдіргі ауруын толығымен жою қиынға түсуде. Ауру адамдар арасында көбінесе ауыл шаруашылық және үй жануарлары (қой, ешкі, жылқы, ірі қара, ит, мысық), сонымен қатар, жабайы аңдар арқылы таралады.
Зақымдану- ауру малдарды күту, малды сою, етті өнімдеу, сондай ақ, сібір жарасы микробтардың спораларымен тұқымдалған мал шаруашылығы өнімдермен (тері, тері бұйымы, жүн, қылшық) түйіскен жағдайда пайда болу мүмкін.
Күйдіргі ауруының алдын алу шаралары — бұл індеттің мал арасында таралуының алдын алу. Ол үшін ауру анықталған малды оқшаулап, өлексесін өртеп, ауру мал тұрған нысандарды (қора, т.б.), мал азығын залалсыздандыру, ауыл шаруашылығы құрылымдары мен қолдағы малды уақтылы күйдіргіге қарсы егу.