Тілдер күніне
Тілді меңгеру үшін оған жүрегіңді ашуың керек. Елбасы кітапханасы 1998 жылдан бастап қыркүйектің үшінші жексенбісінде атап өтілетін Қазақстан халқының Тілдері күніне арналған бейнеролик дайындады.
Мерекелік күн Ана тілі мен еліне деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу мақсатында пайда болды. «Жауапты тіл саясаты қазақ ұлтын біріктіруші басты факторлардың бірі болып табылады. Тіл мен халықтық әдет – ғұрып-әрбір ұлттық мәдениеттің квинтэссенциясы, ұлттық рухтың негізі», — деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев.
Барлық ұлттардың тілдері мен дәстүрлерін танымал ету арқылы көпұлтты халықтың тұтастығын сақтау мемлекеттік міндет болып табылады.
Қ. Қ. Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында: «Ұлт бірлігі – оның әралуандығында», — деп атап өтті. Біз еліміздегі барлық этностық топтардың тілдері мен мәдениетін дамыту үшін жағдай жасауды жалғастырамыз».