Ақпараттық қауіпсіздік бойынша семинар өткізілді
![](https://nscedi.kz/wp-content/uploads/2022/10/WhatsApp-Image-2022-10-11-at-11.33.15-300x225.jpeg)
Ақпараттық жүйелерді дамыту бөлімінің басшысы А.А.Сқабылов 2022 жылғы 7 қазанда Ақтөбе қаласына іссапар кезінде М. Айқымбаев атындағы АҚИҰҒО Ақтөбе обаға қарсы филиалының қызметкерлерімен келесі сұрақтар бойынша семинар өткізді:
– АҚИҰҒО объектілерінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
– қызметтік компьютерлер мен кеңсе техникасын пайдалану ережесі;
– антивирустық қорғау;
– қызметтік электрондық поштамен жұмыс істеудің практикалық дағдылары;
-АҚИҰҒО басшылығымен крипто-қорғау (шифрланған) бейне-конференция байланысын қамтамасыз ету үшін IP-телефония технологиясын пайдалану.
Семинар барысында АҚИҰҒО IT-қызметкерлерінің Ақтөбе обаға қарсы станция филиалының басшылары мен бөлімшелердің қызметкерлерімен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша жүргізген үлкен практикалық жұмыстар атап өтілді.