11.10.2022

Ақпараттық қауіпсіздік бойынша семинар өткізілді

Ақпараттық жүйелерді дамыту бөлімінің басшысы А.А.Сқабылов 2022 жылғы 7 қазанда Ақтөбе қаласына іссапар кезінде М. Айқымбаев атындағы АҚИҰҒО Ақтөбе обаға қарсы филиалының қызметкерлерімен келесі сұрақтар бойынша семинар өткізді:

— АҚИҰҒО объектілерінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

— қызметтік компьютерлер мен кеңсе техникасын пайдалану ережесі;

— антивирустық қорғау;

— қызметтік электрондық поштамен жұмыс істеудің практикалық дағдылары;

-АҚИҰҒО басшылығымен крипто-қорғау (шифрланған) бейне-конференция байланысын қамтамасыз ету үшін IP-телефония технологиясын пайдалану.

Семинар барысында АҚИҰҒО IT-қызметкерлерінің Ақтөбе обаға қарсы станция филиалының басшылары мен бөлімшелердің қызметкерлерімен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша жүргізген үлкен практикалық жұмыстар атап өтілді.