Карантиндік және аса қауіпті инфекцияға күдік болған жағдайда жолаушыны анықтау бойынша оқу-жаттығуға қатысу туралы

Карантиндік және аса қауіпті инфекцияға күдік болған жағдайда жолаушыны анықтау бойынша оқу-жаттығуға қатысу туралы

2025 жылғы 23 мамырда Алматы қаласының халықаралық әуежайында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Алматы қаласы санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің мамандары мүдделі қызметтермен бірлесе отырып, тырысқақ ауруына күдікті жолаушы анықталған жағдайда іс-қимыл алгоритмін пысықтау мақсатында оқу-жаттығу өткізді.

Аталған оқу-жаттығуға Аса қауіпті инфекциялар бойынша ұлттық ғылыми орталықтың атынан эпидемиологиялық мониторинг және ұйымдастырушылық жұмыс бөлімінің дәрігер-эпидемиологы Р.С. Мусагалиева және тырысқақ зертханасының ғылыми қызметкері Д.М. Өтебай қатысты.

Оқу-жаттығу сценарийі әуе кемесінде аса қауіпті инфекцияға тән белгілері бар жолаушыны анықтау жағдайын модельдеуді қамтыды. Оперативтік жоспарға сәйкес бастапқы эпидемияға қарсы іс-шаралар шеңберінде келесі әрекеттер жүргізілді: бекітілген хабарландыру сызбасына сәйкес тиісті қызметтерге хабарлау, алғашқы медициналық тексеру, биологиялық үлгілерді алу, шартты науқасты ауруханаға жатқызу, байланыста болған адамдарды оқшаулау, дезинфекциялық және эпидемиологиялық ошақты жоюға бағытталған басқа да шаралар.

Оқу-жаттығуға қатысқан барлық қызметтер мен ведомстволар жоғары деңгейдегі үйлесімділікті, жеделдікті және барлық кезеңдерде нақты өзара іс-қимылды көрсетті. Оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін әуежай басшылығы мен мемлекеттік бақылаушы органдардың қатысуымен кеңес өткізілді. Кеңес барысында халық денсаулығын қорғау саласындағы төтенше жағдайларға ден қою бойынша іс-қимыл алгоритмін жетілдіру және бірыңғай стандартты операциялық рәсімді әзірлеу жөнінде ұсынымдар берілді.

Oplus_131072
Oplus_131072
Oplus_131072
Oplus_131072

Oplus_131072