Бүгін 2024 жылғы 16 шілдеде Қырғыз Республикасы делегациясының М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығына сапары өтті

Бүгін 2024 жылғы 16 шілдеде Қырғыз Республикасы делегациясының М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығына сапары өтті

Бүгін 2024 жылғы 16 шілдеде Қырғыз Республикасы делегациясының М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығына сапары өтті. Қырғыз Республикасы делегациясын Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің карантиндік және аса қауіпті инфекциялар республикалық орталығы директорының орынбасары Усенбаев Нурболот Толошович, Қазақстан делегациясын ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сәдуақасов Нұрқан Олжабайұлы басқарды.
Кездесуде биологиялық қауіпсіздік пен өзара тәжірибе алмасуға қатысты мәселелер талқыланды. АҚИҰҒО өкілдері орталықтың көп жылдық тарихы, сондай-ақ қазіргі қызметі туралы айтып берді. 70 жылдан астам уақыт бойы Орталық қызметінің негізгі мақсаты және жұмыстың басты стратегиялық бағыты ғылыми негізделген тәсілдерге, қазіргі заманғы дәлелді медицина қағидаттарына негізделген елдің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасы халқының денсаулығына қауіпті биологиялық факторлардың әсер ету деңгейін төмендету болып табылатыны атап өтілді.
Қырғыз делегациясы сапарды жедел ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіріп, биологиялық қауіпсіздік, кадрлар даярлау және аса қауіпті инфекциялардың трансшекаралық ошақтарын зерттеу мәселелерінің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, Тараптар іскерлік қатынастарды дамыту, технологиялар мен тәжірибе алмасу үшін әлеует бар екенін атап өтті.
Сонымен қатар, сапар аясында Орталық референттік зертхана ғимараты бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Делегация мүшелері биоқауіпсіздік және биоқорғаныс бойынша мамандарды оқытумен, жүргізілетін ғылыми зерттеулермен, ОРЗ-ның қызметі мен мүмкіндіктерімен және т.б. танысты. Қазақстанның биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ОРЗ миссиясының маңыздылығы және ОРЗ-ның АҚИ-лар бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүзеге асыру жөніндегі мақсаттары, денсаулық сақтау мен ветеринарияның ұлттық жүйелері шеңберінде ынтымақтастық және жобаларды іске асыру жөніндегі жергілікті және өңірлік жобаларды қолдау атап өтілді.
Сапар қорытындысы бойынша қырғыз делегациясы биоқауіпсіздік мәселелеріндегі ынтымақтастық деңгейі жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті. Сонымен қатар, тараптар биологиялық қауіпсіздік саласындағы бірлескен жұмысты тереңдету және одан әрі ынтымақтастық бойынша нақты ұсыныстар дайындауға келісті.