Миросенко Владимир Павлович өмірден өтті

Миросенко Владимир Павлович өмірден өтті

ҚР ДСМ «Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК кәсіпорнының ең қарт қызметкерлерінің бірі Миросенко Владимир Павловичтың 71 жасында кенеттен қайтыс болғанын өкінішпен хабарлайды.

Владимир Павлович өзінің еңбек жолын АҚИҰҒО-да 1973 жылы бастаған және өмірінің соңғы күндеріне дейін өзін зертханалық қызметке арнаған.
Ол ерекше өзіндік тәртібімен, еңбекқорлығымен, өз дағдыларын жас мамандармен бөлісуге деген ұмтылысымен ерекшеленді. Владимир Павлович өзінің бай тәжірибесі, білімі, жоғары моральдық-этикалық қағидаттарының арқасында әріптестерінің лайықты беделі мен құрметіне ие болды.

Бұл бәріміз үшін орны толмас қаза. Владимир Павловичтің отбасына, туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз.

Миросенко Владимир Павлович туралы жарқын естелік біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.