2024 жылғы 28-29 қарашада Женевада (Ұлттар Сарайы) БУҚК ұлттық байланыс пункттері үшін Жаһандық семинар өтті. Семинарға 91 мемлекет қатысты.

2024 жылғы 28-29 қарашада Женевада (Ұлттар Сарайы) БУҚК ұлттық байланыс пункттері үшін Жаһандық семинар өтті. Семинарға 91 мемлекет қатысты.


Семинарға Қазақстаннан м.ғ.к., «Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС директорының орынбасары — Ковалева Галина Геннадьевна қатысты.
Семинардың негізгі мақсаты — 6 өңірде өткізілген өңірлік оқу курстарының қорытындысын шығару үшін бүкіл әлемнің ұлттық байланыс пункттерін біріктіру. Семинар әртүрлі мемлекеттерде БУҚК міндеттемелерін орындау кезінде ақпарат пен тәжірибе алмасу үшін жақсы алаң болды. Имплементациялық қолдау тобының қатысуымен өткен семинарда Сенімді нығайту шаралары бойынша есепті қалыптастыру мәселелері талқыланды. Семинарға қатысушылардың үлкен қызығушылығын білім беру тұғырнамасы, атап айтқанда ұлттық байланыс пункттеріне арналған электрондық оқыту курсы тудырды.
Семинар соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, жыл сайынғы қорытындыларды шығару және БУҚК идеяларын ілгерілетуде ұлттық байланыс пункттерінің маңыздылығын одан әрі ілгерілету туралы тілектерін білдірді.