Қазақстан мен Қырғызстанның ынтымақтастығы жаңа жоғары деңгейге көтерілуде
Автор: Almas
Қазақстан мен Қырғызстанның ынтымақтастығы жаңа жоғары деңгейге көтерілуде
2024 жылғы 25 қарашада «М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС мен Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аса қауіпті, карантиндік инфекциялардың алдын алу және бақылау республикалық орталығы арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Құжат екі елдің медицинасын, қоғамдық денсаулығын, ғылымын және білім беруді дамыту мақсатында өзара тиімді ынтымақтастыққа бағытталған.
Меморандум шеңберінде аса қауіпті инфекциялармен күрес мәселелері бойынша мониторинг, өзекті ақпарат және тәжірибе алмасу, биоқауіпсіздік және биоқорғау бағыттары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу, мамандар даярлау, сондай-ақ түрлі іс-шаралар өткізу көзделген.
Ғылыми орталық ұжымын және Қырғыз әріптестерін осы ерекше оқиғамен құттықтаймыз, онымен табысты өзара іс-қимылды одан әрі дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады және біздің елдеріміз арасындағы екіжақты ынтымақтастық қатынастарын неғұрлым жоғары деңгейге шығару үшін сенімді негіз қаланады.
как