Биологиялық және токсиндік қару туралы конвенцияны (БТҚК) нығайту жөніндегі жұмыс тобының төртінші сессиясы өтті (Fourth Session of the Working Group on the Strengthening of the BWC) Женева қаласында (Швайцария).

Биологиялық және токсиндік қару туралы конвенцияны (БТҚК) нығайту жөніндегі жұмыс тобының төртінші сессиясы өтті (Fourth Session of the Working Group on the Strengthening of the BWC) Женева қаласында (Швайцария).

2024 жылғы 19-23 тамыз аралығында Женева қаласында (Швайцария) биологиялық және токсиндік қару туралы конвенцияны (БТҚК) нығайту жөніндегі жұмыс тобының төртінші сессиясы өтті (Fourth Session of the Working Group on the Strengthening of the BWC). Оған ҚР ДСМ СЭБК төрағасының орынбасары – Ахметова З. Д., ҚР СІМ өкілі, ҚР ДСМ «Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры — Жумадилова З. Б. және Бас директордың орынбасары — Ковалева Г. Г. қатысты.

Сессиялар барысында Конвенция шеңберінде халықаралық ынтымақтастық, ғылыми-техникалық прогресс, көмек және ден қою мәселелері талқыланды. Қазақстандық делегация жұмыс тобының отырысына қатысу барысында Қазақстанның БТҚК стратегиясы мен миссиясына бейілділігі туралы атап өтті және болашақта Конвенция ережелерін табысты іске асыруға жәрдемдесу туралы куәландырды.

Жұмыс тобының қатысушылары ДДСҰ-ның болжау саласындағы әзірлемелер жөніндегі өкіліне, АЭХА өкіліне ZODIAC бағдарламасы аясындағы өзара іс-қимыл тетігі туралы сұрақтар қойды. Қатысушылар VII, X баптарын ескере отырып, жауап шараларын жүргізу кезінде мобильді зертханаларды пайдалану мәселелерін талқылауға, сондай-ақ X бабы шеңберіндегі ғылыми-техникалық жетістіктер мәселесі бойынша пікірталасқа қатысты.

Қазақстан сарапшылары БТҚК-ға қатысушы барлық елдердің мүдделерін сақтау мақсатында дамыған және дамушы елдердің ғылым және техника жөніндегі ғылыми-консультативтік кеңесінің құрамына енгізу туралы ұстанымын білдірді. Қазақстандық делегация сондай-ақ Кеңес шешімдерінің елдердің саяси ықпалынан тәуелсіздігін қамтамасыз ету қажет деп санайды. Бұл тәсілдер Кеңес шешімдерінің жан-жақтылығы мен негізділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.