М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығының Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институтының 120 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысуы
Рубрика: Без рубрики
М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығының Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институтының 120 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысуы
2025 жылғы 15–16 мамырда Алматы қаласында Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институтының 120 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Бұл институт – ветеринария, жұқпалы аурулар және биоқауіпсіздік саласындағы ең көне және жетекші ғылыми мекемелердің бірі болып табылады.
М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығы (АҚИҰҒО) конференция жұмысына белсенді қатысып, ғылыми бағдарлама мен көрме экспозициясына қатысушы ретінде өз үлесін қосты.
Конференция аясында ұйымдастырылған көрмеде АҚИҰҒО өз ғылыми әзірлемелері мен аса қауіпті инфекцияларды диагностикалау, алдын алу және бақылауға бағытталған қолданбалы өнімдерін таныстырды. Сонымен қатар, диагностикалық жиынтықтар, биоқауіпсіздік және биоқорғаныс материалдары көрсетілді.
АҚИҰҒО атынан Ұлттық «QazBioPharm» холдингінің құрылымындағы ұйым қызметі туралы баяндама жасаған – АҚИҰҒО Бас директорының міндетін атқарушы Жұмаділова Зауреш Бапанқызы болды. Сонымен қатар, орталықтың 7 қызметкері конференцияның тақырыптық секцияларында ауызша баяндамалар жасады.
АҚИҰҒО конференцияны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны және қазақстандық ғылым жетістіктерін халықаралық аренада таныстыруға мүмкіндік бергені үшін ұйымдастырушыларға алғыс білдіреді.