05.10.2023

Халықаралық тренинг орталығында өткізілетін сертификаттау циклдары АҚИ мониторингі және биоқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында кадрлар даярлауға бағытталған.

М. Айқымбаев атындағы АҚИҰҒО биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуінде мамандардың үздіксіз кәсіби даму мәселелеріне маңызды мән береді.

Халықаралық тренинг орталығында өткізілетін сертификаттау циклдары АҚИ мониторингі және биоқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында кадрлар даярлауға бағытталған.

Біліктілікті арттыру циклдері аса қауіпті инфекциялар мен биологиялық қауіпсіздік микробиологиясы, эпидемиологиясы және эпизоотологиясы мәселелерінде теориялық білім мен практикалық дағдылар спектрін кеңейтуге арналған.

Оқу үдерісіне аса қауіпті инфекциялардың отандық эпидемиологиясы мен эпизоотологиясының дамуына елеулі үлес қосқан АҚИҰҒО жетекші ғалымдары қатысады.

2023 жылдың 1 тамызында ЖШС «Otarbiopharm», ҰСО , СЭСЖМҒПО   және ҚР ПІБМО  СЭСО ШЖҚ РМК мамандары «Патогенділігі II топтағы аса қауіпті инфекциялық аурулардың биоқауіпсіздігі, эпидемиологиясы және микробиологиясы» сертификаттау курсын аяқтады (630 сағат/21 кредит).

2023 жылдың 1 қыркүйегінде БҚПҒЗИ мамандары «Патогендігі III топтардағы аса қауіпті инфекциялардың биоқауіпсіздігі, эпидемиологиясы және эпизоотологиясы» бағыты бойынша сертификаттау курсын аяқтады (480 сағат / 16кредит).

2023 жылдың 20 қыркүйегінде «Патогенділігі II топтағы аса қауіпті инфекциялық аурулардың биоқауіпсіздігі, эпидемиологиясы және микробиологиясы» сертификаттау циклін (630 сағат/21 кредит) БҚПҒЗИ және СЭСЖМҒПО  мамандары сәтті аяқтады.