Обаға ауруына қарсы вакцинация (екпе)
Оба ауруына қарсы вакцинация эпидемиологиялық қадағалауда және эндемиялық аймақтарда обадан қорғауда негізгі спецификалық профилактикаға жатады. Қазақстанда обаға қарсы тірі вакцина қолданылады, ол 1 жыл бойы иммунитетті дамытуға ықпал етеді. Вакцина өндірушісі: «Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» .
Вакцинацияны көктем айларында (наурыз, сәуір) жоспар бойынша және эпидемиялық көрсеткіштер бойынша бір рет жүргізіледі.
Обаға қарсы вакцинациялауға обадан энзоотиялық аумақта тұратын немесе сол жерлерде уақытша болатын тұрғындар контингенттері жатады
— оба қоздырғыштарының тірі өсінділерімен, зертханалық жұқтырған жануарлармен жұмыс жасайтын немесе күдікті материалдармен зерттеу жүргізетін адамдар;
— ветеринарлық қызметкерлер;
-түйе союмен, тасымалдаумен, оның шикізаттарын өңдеумен және сатумен айналысатын адамдар;
-обадан энзоотиялық аумақта өнім дайындайтын, өнеркәсіптік, геологиялық, экспедициялық, жайылым-суландыру, ізденіс жұмыстарын орындайтын адамдар.
Иммунитеттің толық қалыптасуы вакцина салғаннан кейін 1 айдан соң пайда болады. Егуден кейінгі иммунитет пайда болуы әр түрлі факторларға байланысты:
- Вакцинаға байланысты яғни препарат тазалығы, дозасы, алу реттігі,сақтау мерзімі және т.б.
- адам ағзасының жалпы жағдайы, жасы, жеке иммундық реактивтілігі, генетикалық биімділігі.
- қоршаған ортаға,тамақтануы, еңбек жағдайына, физико-химиялық факторларына.
Бүгінгі таңда, тұрғылықты жерлері бойынша аймақтық емханада вакцинация тегін жүргізіледі
Қызылорда обаға қарсы күрес станциясы