14.02.2024

    Обаға ауруына қарсы вакцинация (екпе)

Оба ауруына қарсы вакцинация эпидемиологиялық қадағалауда және эндемиялық аймақтарда обадан қорғауда негізгі спецификалық профилактикаға жатады. Қазақстанда обаға қарсы тірі вакцина қолданылады, ол 1 жыл бойы иммунитетті дамытуға ықпал етеді. Вакцина өндірушісі: «Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» .

Вакцинацияны көктем айларында (наурыз, сәуір) жоспар бойынша және эпидемиялық көрсеткіштер бойынша бір рет жүргізіледі.

Обаға қарсы вакцинациялауға обадан энзоотиялық аумақта  тұратын немесе сол жерлерде уақытша болатын тұрғындар контингенттері жатады

– оба қоздырғыштарының тірі өсінділерімен, зертханалық жұқтырған жануарлармен жұмыс жасайтын немесе  күдікті материалдармен зерттеу жүргізетін адамдар;

– ветеринарлық қызметкерлер;

-түйе союмен, тасымалдаумен, оның шикізаттарын өңдеумен және   сатумен айналысатын адамдар;

-обадан энзоотиялық аумақта өнім дайындайтын, өнеркәсіптік, геологиялық, экспедициялық, жайылым-суландыру, ізденіс жұмыстарын орындайтын адамдар.

Иммунитеттің толық қалыптасуы вакцина салғаннан кейін 1 айдан соң пайда болады. Егуден кейінгі иммунитет пайда болуы  әр түрлі факторларға байланысты:

  • Вакцинаға байланысты яғни препарат тазалығы, дозасы, алу реттігі,сақтау мерзімі және т.б.
  • адам ағзасының жалпы жағдайы, жасы, жеке иммундық реактивтілігі, генетикалық биімділігі.
  • қоршаған ортаға,тамақтануы, еңбек жағдайына, физико-химиялық факторларына.

Бүгінгі таңда,   тұрғылықты жерлері бойынша аймақтық емханада вакцинация тегін жүргізіледі

Қызылорда обаға қарсы күрес станциясы