24.07.2023

ҚР ДСМ «Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК бас директорының бос лауазымына конкурстық іріктеу өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық министрлігінің «Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК бас директорының бос лауазымына конкурстық іріктеу өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық министрлігінің «Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынының (бұдан әрі – Кәсіпорын) Бақылау кеңесі Кәсіпорын бас директорының бос лауазым орнына конкурс жариялайды.

Конкурсты өткізу күні: Алматы қ., Түрксіб ауданы, Жахангер көшесі, 14.

Кәсіпорынның орналасқан жері: Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Жахангер көшесі, 14 үй, анықтама телефоны +7(727) 223-38-21 – Оспанбекова Гульфайраз Нурахметовна, пошта индексі – 050054, e-mail: NNSCEDI-1@nscedi.kz.

Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: Кәсіпорынның қызметі қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады. Кәсіпорын қызметінің мақсаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету.

Кәсіпорын бас директорының негізгі лауазымдық міндеттері:

Кәсіпорынның өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, Кәсіпорын мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады.

Тиісті саланың уәкілетті органы мен байқау кеңесінің шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады; өз орынбасарларының және Кәсіпорынның басқа да басшы қызметкерлерінің құзыретін белгілейді; Кәсіпорын атынан үшінші тұлғалармен қарым-қатынаста әрекет етеді; Кәсіпорынды үшінші тұлғалармен қарым-қатынаста ұсыну құқығына сенімхат береді; бас директордың өзі болмаған жағдайларда, міндеттерін атқаруды орынбасарларының біріне жүктейді.

Ұйымның саясатын, стратегиясын және оны жүзеге асыру механизмін анықтайды. Көрсетілетін диагностикалық және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға бағытталған, персонал жұмысының жаңа ұйымдық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз етеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына, өз тарапынан және оған бағынысты тұлғалар тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.

Қызметкерлерді қабылдауды және жұмыстан шығаруды жүзеге асырады. Шарттар жасасады, жеке және заңды тұлғалармен мәмілелер жасайды. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады.

Конкурсқа қатысушылар мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс:

«Денсаулық сақтау» дайындық бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша біліктілікті арттырудан (қайта дайындық) өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік санаттарын беру туралы куәлік (немесе сертификат); немесе «Денсаулық сақтау» дайындық бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау» дайындық бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім, немесе «Бизнес және құқық» немесе МВА executive немесе full-time дәрежесі; немесе «Бизнес, басқару және құқық» дайындық бағыты бойынша жоғары білім және «Денсаулық сақтау» дайындық бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім; денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты; басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Конкурсқа қатысушылар білуі тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының заңын, «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген); Қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілерін; Денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздерін; басқарудың экономикалық әдістерін білу және ұйымның қызметін талдау; Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі қағидалар мен нормаларды, Төтенше жағдайлар кезіндегі қызметті ұйымдастыру; Денсаулық сақтау саласының мемлекеттік бағдарламаларын білу.

Құжаттарды қабылдаудың басталу және аяқталу күні: 2023 жылғы 21 шілдеден 4 тамызға дейін.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) еркін түрде жазылған өмірбаян;

3) Білім туралы құжаттардың көшірмелері;

4) еңбек кітапшасының (бар болса) немесе еңбек шартының көшірмесі, еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме немесе жұмыс өтілін растайтын басқа құжат;

5) «Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы.

7) Кәсіпорынды дамыту туралы презентация (5 слайдтан артық емес).

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсынымдар) ұсына алады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар Кәсіпорынның NNSCEDI-1@nscedi.kz электрондық пошта мекенжайына құжаттарын электрондық түрде 2023 жылдың 4 тамызына дейін ұсына алады.

Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей ұсынылады. Олар ұсынылмаған жағдайда, кандидат әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурсқа жіберілген кандидаттармен әңгімелесуді ҚР ДСМ «Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК Бақылау кеңесі өткізеді.

Деректер көзі: https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/documents/details/498028?lang=kk