13.03.2024

Қызылорда облысы Қармақшы ауданынының мекемелерінде өткізілген дәрістер туралы

Қызылорда обаға қарсы күрес станциясы Жосалы обаға қарсы күрес бөлімшесінің жоспарына сәйкес зертхана меңгерушісі Н.Кожамжаров, дәрігер-бактериологтары А,Ермаханов, Ж.Әлиханова, Н.Жайық, А.Мұзаппаровпен Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы Жосалы кентінде орналасқан мекемелерге дәрістер оқылды. Аудан тұрғындарына оба, тырысқақ және басқа да аса қауіпті инфекциялардың таралуы, алдын алуы және сақтану шаралары жайлы түсіндірілді. Осы жұмыстар барысында 28 дәріс оқылып, үнпарақтар таратылды. Жыл бойы энзоотиялық аумақтарында кеміргіштер мен тасымалдаушы арасында оба эпизоотиясы тіркеліп отырады. Сонымен қатар, адамдар арасында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы және сарып аурулары тіркелуде. Осыған сай аудан тұрғындары аса қауіпті аурулардан сақтану жолдарын білуі тиіс. Күдікті жағдай туындағанда медициналық мекемелерге уақытында қаралғаны жөн.