25.12.2024

Зерттеушілердің Германияда шетелдік тағылымдамадан өтуі туралы


2024 жыл 1-15 желтоқсан аралығында Фрайбург қаласында (Германия) Фрайбург Университеті клиникасының жетекші медициналық орталығының базасында гендік инженерия тақырыбы бойынша тағылымдама өтті.
Тағылымдамаға «М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС қызметкерлері — Рысбекова Алтын Қанатқызы (инновациялық технологияларды енгізу басқармасының бастығы) және Халтаева Дана Болатқызы (дәрігер-микробиолог) қатысты.
Бағдарлама шеңберінде негізгі назар CRISPR/Cas9 озық технологиясына аударылды, ол ДНК-ны жоғары дәлдікпен редакциялауға мүмкіндік береді және генетикалық аурулармен күресу, емдеудің жаңа әдістерін әзірлеу және іргелі зерттеулер жүргізу үшін перспективаларды ашады.